Орынбор облысының Черный Отрог ауылында Виктор Черномырдиннің мұражайы ашылды

Орынбор облысының Черный Отрог ауылында Виктор Черномырдиннің мұражайы ашылды

Ү.ж. 9 сәуір күні Орынбор облысының Черный Отрог ауылында Кеңес Одағы уақытындағы  Ресей үкіметінің алғашқы Төрағасы Виктор Черномырдиннің мұражайының ресми ашылуы өтті.

Мұражайдың салтанатты ашылу рәсіміне РФ Президентінің кеңесшісі В.И.Толстой, Орынбор облысының губернаторы Д.В.Паслер, Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулы Т.Б. Үмбетбаев, В.Черномырдиннің балалары мен мұражайды салуда еңбек сіңірген архитекторлар, бизнес өкілдері және т.б. зиялы қауымдар қатысты.

Мұражайдың В.Черномырдиннің туған ауылында ашылуының мәні бар, В.Черномырдин көзі тірі кезінде өз ауылына жиі келіп, ауыл тұрғындарымен тікелей араласып тұрған және жерлестеріне арнап мұражай ашу арманы болған екен. Осы себепті оның туған ауылынан мұражай ашу шешімі қабылданды, - дейді мұражай директоры С.Н. Черномырдина.

ҚР дипломаты Т. Үмбетбаев мұражайдың салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың В. Черномырдинді Қазақстан өңіріндегі мұнай-газ орындарын дамытудағы еңбегі үшін «Парасат» орденімен марапаттағанын, екі ел қайраткерлері арасындағы жоғары достық қарым-қатынастары туралы айтып, мұражайдың ашылуымен құттықтады. 

Мұражайда 25 000 мыңнан астам экспонаттар: В.Черномырдиннің жеке заттары мен мемлекеттік сыйлары, ретро автокөліктері, тарихи жеке қару-жарақтары мен әйгілі полотно шығармалары орын алған.