ҚР Астрахандағы Бас консулының «Килинчин бақшасына» жұмыс сапары

ҚР Астрахандағы Бас консулының «Килинчин бақшасына» жұмыс сапары

Қазақстан Республикасының Астрахандағы Бас консулы Тауболды Үмбетбаев Еділ бойындағы «Килинчин бақшасы» шаруашылығында жұмыс сапарымен болды.

«Килинчин бақшасы» — 2013 жылы Грек Республикасының инвесторларымен бірге іске қосылған Астрахан облысындағы бірегей жоба. Мұнда 50 гектар аумақта алма ағаштарының үш түрі, нектариндер, шие, қара өрік өсіріледі.

Сонымен қатар, шаруалышықта жемісті дақылдардың ең жақсы түрлерін қамтитын көшет өсіруге арналған тәлімбағы ұйымдастырылған. Ол 2016 жылдың наурызында өндірсіке қосылды. Қазіргі уақытта мұнда Астрахан облысының климаттық жағдайына толық бейімделген алманың үш және шиенің екі түрі өсіріледі. Өндіріс қуаты - жылына 400 мың көшетті құрайды.

Бас консул Тауболды Үмбетбаев бау-бақша және тәлімбағыны ұйымдастыруда Килинчин бағбандары мен еуропалық серіктестердің тәжірибесін жоғары бағалады. Кездесу нәтижесінде Қазақстан Республикасында осыған ұқсас бау-бақшаларды құру бойынша шаруашылықтың тәжірибесін жеткізу туралы алдын-ала келісімдер жасалды.