Қадірлі ханымдар мен мырзалар!
Қазақстан Республикасы шетелде тұратын қазақ тілін үйренгісі келген азаматтарға, қазақ тілін оқытуды ағымдағы жылы және одан кейінгі мерзімдерде тұрақты жалғастыратын болады.
Онлайн форматта сабақтар ағылшын, орыс, парсы және түрік тілдерінде апта сайын сенбі, жексенбі күндері (парсы тілінде қатысушыларға сәрсенбі, жұма) өткізіледі, сабақ кестесі туралы толық ақпаратты келесі https://t.me/s/otandastar_qory телеграмм каналы арқылы алуға болады.
Сонымен қатар, «Абай институты» порталы іске қосылды. Институт азаматтарымыздың қазақ тілін үйренудегі техникалық мүмкіндіктерін арттыратыны сөзсіз. Курстарға ешбір шектеулер жоқ, өзге ұлт өкілдері Ресей Федерациясы Астрахан, Орынбор, Волгоград, Саратов, Самара облыстарында тұратын азаматтардың, қазақ тілін үйренуге қызығушылық танытқан азаматтар толық қатыса алады www.abai.institute.
Құрметпен,
Қазақстан Республикасының
Астрахан қаласындағы Бас консулдығы