
Ү.ж. 5 Наурыз күні Астрахань қаласында Қазақстан Республикасының Бас консулдығының атсалысуымен «Халықаралық жастар ынтымақтастығы Каспий маңы елдерінің қарым-қатынастарының бір бөлігі болып табылады» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Астрахань облысының губернаторы И.Бабушкин, “Jas Otan” ЖҚ төрағасы Н.Жетпісбаев, Россотрудничество Федералдық агенттігінің төрағасы Е.Примаков, Астрахань қаласында орналасқан дипломатиялық өкілдіктердің басшылары және Каспий маңы елдерінің жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Жиынға қатысушылар Каспий маңы мемлекеттері ынтымақтастығына жастардың қосар үлесі мүмкіндіктеріне сараптамалар жасап, келешектегі біріккен іс-шараларды, яғни халықаралық деңгейдегі форумдарда, ғылым мен білім, спорт, туризм және т.б. салаларда атсалысуы пысықталды. Жастар ұйымдары бір-бірімен тікелей байланыста болуды шешті.
Өз сөзінде Қазақстан Республикасы Бас консулдығының басшысы Тауболды Үмбетбаев ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың жастарға көрсетіп отырған қолдауларын айтып, жолдауларынан үзінділер келтіріп «өмірдегі ең негізгі нәрсе - адамгершілік, білім, жоғары маман және Отан сүйгіштік» деген сөздерінің мәнін түсіндірді.
Сонымен қатар, ҚР дипломаты 2020 жылдың желтоқсан айында өткен Нұр Отан партиясы жастар қанатының «Jas Otan» V-Cъезінде Қазақстан Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «жастар белсенділігі әрдайым саяси прогрестің қозғаушы күштерінің бірі» деген өсиетін халықаралық жастар форумдарының алға қояр бағыттары ретінде алуды ұсынып, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында жастарды жаңа идеялар, жаңа бағыттар мен ынтымақтастыққа шақырды.