Мәскеуде ТМД кеңістігіндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Мәскеуде ТМД кеңістігіндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Бүгін Қазақстанның Ресейдегі Елшілігіне ТМД Атқару Комитеті төрағасының орынбасары - ТМД Атқарушы хатшысының орынбасары Ильхом Нематов келді.

 

Кездесу барысында Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Ермек Көшербаев қонақты жақында тағайындалған қызметімен құттықтап, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. ТМД кеңістігіндегі саяси, сауда-экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайтудың, коронавирустық пандемияның жағымсыз салдарымен күресудің бірлескен күш-жігерінің маңыздылығы атап өтілді.

 

Кездесу соңында Ермек Көшербаев Ильхам Нематовқа жауапты қызметіне табыс тілеп, одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.