Қазақстан мен Ресей аймақтық туризм ынтымақтастығының жаңа бағыты

Қазақстан мен Ресей аймақтық туризм ынтымақтастығының жаңа бағыты

Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Басконсулдығы мен «Каспий-Евразия» қоғамдық-саяси зерттеу және халықаралық Орталығымен бірлескен шекаралас Қазақстан мен Ресей аумағындағы туристік мүмкіндікті сараптау мен туризмді дамыту барысында 05.02.2021 ж. Астрахан қаласында ҚР мен Астрахан (РФ) жауапты мемлекеттік және туристік мекемелер арасында бейне конференциясы өткізілуі ұйымдастырылды.

Аталған конференцияға ҚР тарапынан Парламент Мәжілісінің депутаты Е.Жаңбыршин, ҚР Мәскеудегі Елшілігі және Астрахан қаласындағы Бас консулдығы, ҚР МСМ, ДСМ өкілдері мен Атырау, Маңғыстау облыстарының өкілдері мен туристік саладағы жауапты қызметкерлері, ал РФ тарапынан жергілікті билік органдарының өкілдері, атап айтқанда Астрахан облысы мәдениет және туризм министрінің орынбасары Т.Н.Порублева, Астрахан халықаралық байланыстар агенттігінің (деңгейі – Министрлік) Төрағасының орынбасары И.В.Торопицын және басқа мекемелер мен туризмге жауапты мекемелер басшылары, барлығы әр саладан жиналған 40 астам мекемелер басшылары бас қосты.

Кездесуде туристік саладағы ынтымақтасты дамытудағы мүмкіндіктер, екі жақты туристік ақпараттармен алмасу және туристік ағымды ілгерілету бағдарламасының стратегиясы, біріккен туристік жоспарларды және бағыттарды дамытуды пысықтау мен медициналық туризм және т.б. мәселелер талқыланды.

Қазақстан мен Ресей шекаралас өлкелері арасындағы осындай бірлескен конференциялар өз жалғасын табатын болады.