
Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Басконсулдығының қатысуымен 2020 жылдың 12 желтоқсанында Астрахань облысының Володар ауданы Алтынжар селосында орналасқан Құрманғазы аймақтық мәдени орталығында іс-шаралар өткізілді.
Астрахан облысының Құрманғазы аймақтық мәдени орталығында Ұлы Отан соғысының жеңісінің 75 жылдығына арналған Ресей қазақтарының «Ұлы Отан соғысындағы қазақ халқының ерлігі» атты көрменің ашылу рәсімі өтті. ҚР Астрахандағы Басконсулдығының басшы Тауболды Үмбетбаев жиналғандар алдында «Жеңіс туын желбіретуге сол кездегі Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстан азаматтарының да үлкен үлес қосқаны» туралы әңгімелеп берді. Көрмеге "Жолдастық" қоғамының, жергілікті билік органдарының өкілдері және т.б. қатысты.
Сонымен қатар, осы күні Құрманғазы аймақтық мәдени орталығында «Туған жер – 2020» Аймақаралық қазақ мәдениеті фестивалі офлайн және онлайн форматта Батыс Қазақтан және Атырау облысының өкілдерінің қатысуымен өтті. Ұйымдастырылған мерекелік концертте Астрахань облысының Камызяк, Володар, Красноярск және басқа аудандарының ән және би ұжымдары сахнаға шығып, өз өнерлерін көрсетті.
Көрермендер назарына қазақтың дәстүрлері: қыз ұзату, тұсау кесу, бесікке баланы салу рәсімдері көрсетілді. Іс-шара қонақтары Құрманғазы атындағы қоғамдық мұражайдың экспонаттарымен таныстырылды.