
ҚР Бас консулдығының басшысы Тауболды Үмбетбаев Астрахан сауда – өндірістік палатасы одағының Президенті Синченко Станислав Степановичпен және Астрахандық кіші және орта бизнесті қолдау Қорының Бас директоры Азарова Ирина Николаевнамен кездесулер өткізді.
Отырыс барысында Қазақстан мен Астрахан облысының кіші және орта кәсіпкерлері арасындағы байланысты жаңа дәрежеге дамыту іс-шаралары кеңінен пысықталды. Бұл іс-шаралар осы күні ұйымдастырылған бейне конференция барысында екі елдің мемлекеттік органдары және іскерлік орта өкілдері арасында талқыланды.