Қазақстан Бас консулдығының өкілі КИМРТ курсанттары қатарына қабылдау рәсіміне қатысты

Қазақстан Бас консулдығының өкілі КИМРТ курсанттары қатарына қабылдау рәсіміне қатысты

Астрахан қаласында генерал-адмирал Ф.М. Апраксин атындағы Каспий теңіз және өзен көлігі институтында курсанттар қатарына қабылдау салтанаты өтті. Биыл бұл рәсімге Каспий маңы елдерінен келген 600-ге жуық бірінші курс студенті қатысты, олардың қатарында Қазақстан мен Түрікменстан азаматтары да бар.

Шара барысында студенттер ант қабылдап, оларға студенттік билеттер мен погондар табысталды. Институт директоры Ольга Карташова құттықтау сөзінде КИМРТ оқу орны Каспий аймағындағы және Ресейдің оңтүстігіндегі жетекші теңіз және өзен мамандарын даярлайтын білім ордасы екенін атап өтті. Қазіргі таңда мұнда 700-ден астам шетелдік студент білім алуда, олардың басым бөлігі Қазақстан, Әзербайжан және Түрікменстан елдерінің азаматтары.

КИМРТ дипломы түлектерге әлемнің кез келген елінде, кез келген тудың астында жұмыс істеу құқығын береді. Шетелдік курсанттар үшін оқуға және тұрмысқа барынша қолайлы жағдайлар жасалған.

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулдығының бірінші хатшысы Асылан Сәрсенбинов қатысты. Ол қазақстандық студенттерді маңызды оқиғамен құттықтап, оларға оқуда табыс, жаңа жетістіктер мен жарқын болашақ тіледі.