
2025 жылғы 27–30 қыркүйек күндері Астрахан қаласындағы «Звёздный» су спорты түрлері орталығында су добынан халықаралық турнир өтіп жатыр.
Аталған жарысқа Ресейдің ұлттық ерлер құрамасы, Қазақстан құрамасы, Ресейдің жастар құрамасы (U-21) және Астрахан облысының «Динамо-СШОР» командасы қатысуда.
Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы саналатын Қазақстан құрамасы үшін бұл турнир алдағы халықаралық жарыстарға дайындық кезеңінің маңызды бөлігі болып отыр.
Ашылу рәсімінде Астрахан облысы үкіметі төрағасының орынбасары Илья Волынский, Қазақстан Республикасының Астрахандағы Бас консулы Қанат Хасенов және Астрахан облысының дене шынықтыру және спорт министрі Нина Ивашкина қатысты.