2020 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстанның Елшісі Еркебұлан Сәпиев "Deryaplastik" компаниясының директоры Ровшен Мұхамметнұровпен кездесу өткізді.
"Deryaplastik" компаниясы Түркіменстанда жоғары сапалы пластикалық құбырлар, фитингтер, аспалы төбелер, терезе төсеніштері, шаруашылық тауарлары мен электр кабельдерін шығаратын жетекші компания болып табылады. Компания су құбырларында қолданылатын әртүрлі материалдардан құбырлар мен компоненттерді шығарады.
Кездесу барысында компания басшылығы Қазақстан экономикасына инвестицияларды ынталандыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларымен, оның ішінде арнайы экономикалық аймақтардың қызметімен, инвесторлар үшін қолданыстағы салықтық, кедендік және өзге де преференциялармен танысты.