Қазақстанның Елшісі Еркебұлан Сәпиев "TOMUS" компаниясының директоры Осман Мұхамедниязовпен кездесу өткізді

Қазақстанның Елшісі Еркебұлан Сәпиев "TOMUS" компаниясының директоры Осман Мұхамедниязовпен кездесу өткізді

2020 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстанның Елшісі Еркебұлан Сәпиев "TOMUS" компаниясының директоры Осман Мұхамедниязовпен кездесу өткізді.

"TOMUS" компаниясы Түркіменстандағы нан-тоқаш, макарон және кондитерлік өнімдердің ірі өндірушісі болып табылады.

Кездесу барысында компания басшылығы Қазақстан экономикасына инвестицияларды ынталандыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларымен, оның ішінде арнайы экономикалық аймақтардың қызметімен, инвесторлар үшін қолданыстағы салықтық, кедендік және өзге де преференциялармен танысты.