Химия өнеркәсібі саласындағы қазақстан-түрікмен ынтымақтастығын нығайту

Химия өнеркәсібі саласындағы қазақстан-түрікмен ынтымақтастығын нығайту

Ашхабад, 26 желтоқсан 2024 жыл - Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған кездесу өтті.

Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшісі Н.Ноғаев Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары Б.Аннамамедовпен және «Түрікменхимия» мемлекеттік концернінің төрағасы Д.Сапбаевпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастыққа қатысты кең ауқымды мәселелерді талқылады. Сауда қатынастарын дамыту, инвестициялар тарту, сондай-ақ химия өнеркәсібіндегі өзара іс-қимылды тереңдету перспективаларына ерекше назар аударылды.

Кездесу екі елдің де экономикалық ынтымақтастықты нығайту ниетін растады.