
Тараптар Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы достық қарым-қатынастарды дамытуға өзара мүдделілікті атап өтті, Орталық Азиядағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Кездесу жылы, достық атмосферада өтті. Тараптар жұмыс байланыстарын одан әрі қолдауға келісті.