
Ашғабадта Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Ноғаев Тәжікстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Вафо Ниятбекзодамен кездесті.
Кездесуде дипломаттар елдер арасындағы түрлі салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.
Нұрлан Ноғаев екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал ететін екі мемлекет көшбасшыларының жеке достық қарым-қатынасы мен сындарлы диалогының маңыздылығын атап өтті.