Мемлекет басшысы Қазақстанның Түрікменстандағы жаңадан тағайындалған елшісі Нұрлан Ноғаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Қазақстанның Түрікменстандағы жаңадан тағайындалған елшісі Нұрлан Ноғаевты қабылдады

2024 жылғы 09 шілде

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас Түрікменстанмен достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік байланыстарын одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Президент екіжақты ықпалдастықты, оның ішінде энергетика, көлік-транзит, сауда және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту жөнінде Нұрлан Ноғаевқа бірқатар міндет жүктеді.

Мемлекет басшысы алдағы уақытта өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздердің мазмұнды әрі сапалы болуына баса назар аударуды тапсырды.

 

https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kazakstannyn-turikmenstandagy-zhanadan-tagayyndalgan-elshisi-nurlan-nogaevty-kabyldady-96545