2020 жылғы 15 шілдеде Елші Е.Сәпиев Түрікменстанның Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының Түрікменстанға сапарының қорытындысы бойынша брифингке қатысты.
Іс-шараға: Түрікменстанның министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Р.Мередов, Денсаулық сақтау және медициналық өнеркәсіп министрі Н.Аманнепесов, ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының сарапшылары, Түрікменстанда тіркелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің басшылары, Түркменстанның түрлі ведомстволарының өкілдері, сондай-ақ БАҚ қатысты.