2020 жылғы 14 шілдеде Елші Е.Сәпиев Түрікменстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары В.С.Хаджиевпен бейнеконференция форматында кездесу өткізді.
Сұхбат барысында тараптар сауда-экономикалық, транзиттік-көлік, шекара маңы және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыру мәселелерін талқылады.