Ашғабатта қазақ диаспорасы өкілдерінің қатысуымен мерекелік іс-шара өтті.

Ашғабатта қазақ диаспорасы өкілдерінің қатысуымен мерекелік іс-шара өтті.

Казақстанның Түрікменстандағы Елшілігі 2020 жылғы 6 шілдеде Ұлттық домбыра күні, Астана күні және ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 80-жылдық мерейтойына орай, Ашғабат қаласында және Ахал уәлаятында тұратын қазақ диаспорасы өкілдерімен мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Кездесу барысында қандастар Құрманғазының «Адай» күйін,  Абай Құнанбайұлының «Желсіз түнде жарық ай» әнін шырқады, сондай-ақ басқа да танымал қазақ әндері мен өлеңдерін орындады.

Қазақ диаспорасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы ретінде елдің қалыптасуы мен дамуындағы, сондай-ақ бауырлас Түрікменстанмен көпжақты ынтымақтастықты дамытудағы аса зор еңбегі атап өтілді.