
16 мамырда Ашғабатта Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымына (ТЮРКСОЙ) мүше мемлекеттердің ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияларының 10-шы отырысы өтті.
Отырыс жұмысына Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымына кіретін елдерден ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиялардың делегациялары, сондай-ақ білім және мәдениет саласындағы сарапшылар қатысты.
Кеңес жалғасында ТЮРКСОЙ мүше мемлекеттердің ЮНЕСКО аясындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы панельдік пікірталас өтті.
Сондай-ақ, іс-шара аясында ынтымақтастықтың түрлі аспектілеріне, оның ішінде дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы Конвенцияны іске асыруға арналған семинарлар сериясы өтті.
Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова жалпы түркі мәдени мұрасы туралы Конвенция шеңберінде ынтымақтастық бойынша пікірталас өткізді.