Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі Мағтымқұли Пырағы атындағы халықаралық әдеби сыйлық тағайындауды ұсынды

Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі Мағтымқұли Пырағы атындағы халықаралық әдеби сыйлық тағайындауды ұсынды

Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы 2024 жыл – түркі әлемінің ұлы ақыны, ойшыл Мағтымқұли Пырағы жылы деп жариялады. Оның мерейтойы 2024-2025 жылдары ЮНЕСКО-мен бірге атап өтілетін атаулы күндер тізіміне енді. Мерейтой аясында Түркіменстанда ойшыл Мағтымқұли Пырағының туғанына 300 жыл толуына орай халықаралық конференция ұйымдастырылды.

Конференцияға 20 елдің мәдениет министрлерімен бірге Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да қатысты. Аида Балаева құттықтау сөзінде күллі шығыс әлемінің өскелең ұрпағы мен жастар үшін ақын шығармаларының рөлі маңызды екенін атап өтті.

«Бүгін біз қарым-қатынасымыздың қарқынды дамып келе жатқанын және мәдени-гуманитарлық салада өзара тыңғылықты жұмыс жүргізіліп жатқанын көріп отырмыз. Мұның бәрі екі ел көшбасшыларының күш-жігері мен сенімді, достық байланыстарының арқасында екені сөзсіз. Мағтымқұли Пырағының мол мұрасы біздің халық үшін аса маңызды. Достықтық символы, қазақ халқының ақынға және оның бүкіл бауырлас түрікмен халқына деген құрметінің бегісі ретінде ел астанасында ұлы ойшылға ескерткіш орнату үшін қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деп атап өтіп, министр Мақтұмқұлы Пырағы атындағы халықаралық әдеби сыйлықты тағайындауды ұсынды.

Аида Балаева әріптестерін тау тұлғалардың шығармашылығын жүйелі түрде насихаттап, олардың шығармашылығы арқылы әлемдік мәдени кеңістікке шығуға шақырды.

Конференция аясында Аида Балаева Түрікменстанның мәдениет министрі Атагелді Шамурадовпен және Арменияның білім, ғылым, мәдениет және спорт министрі Жанна Андреасянмен екіжақты кездесулер өткізіп, олармен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ елдеріміздің мәдени күндерін өткізу мәселелерін талқылады.

Сол күні Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі түрікмен ақыны Мағтымқұли Пырағы ескерткіштің ашылуына қатысты.

Ақынның 60 метрлік мүсіні болып табылатын монументалды ескерткіш әлемге әйгілі әр түрлі елдер мен дәуірлердегі жазушылар мен ақындардың 24 мүсінін біріктіретін жаңа мәдени-саябақ кешенінің құрамына кірді, оның ішінде шығармашылығы Орталық Азия халықтарының тарихы мен мәдениетімен тығыз байланысты болған ұлы қазақ күйші композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының ескерткіші бар.