2020 жылғы 30 маусымда Қазақстанның Елшісі Е.Сәпиев Түрікменстан Мемлекеттік медицина университетінің ректоры Н.Мыратназаровамен бейнеконференция форматында кездесу өткізді.
Түрікменстанның Мемлекеттік медицина университеті мен Қазақстанның жетекші медициналық жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу бойынша тәжірибе мен білім алмасу мәселелері талқыланды.