«Жас Қазақ» жазғы лагері туралы

«Жас Қазақ» жазғы лагері туралы

2024 жылы 24 маусымнан 7 шілде аралығында «Отандастар қоры» КеАҚ (бұдан әрі – Қоғам) ұйымдастыруымен «Жас Қазақ» жазғы лагері төртінші рет өткізіледі.

Жобаның мақсаты – шетелдерде тұратын білімді және талантты қазақ балаларының тарихи Отаны – Қазақстанмен рухани-мәдени байланысын нығайтып, қазақ тілі, тарихы мен мәдениетін насихаттау. Аталған іс-шара Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучье көлінің оңтүстік шығыс жағалауында орналасқан «IQanat High School of Burabay» мектебі базасында өтеді.

Лагерьдің өтетін уақыты: 2024 жылғы 24 маусым-7 шілде

Өтетін орны: «IQanat High School of Burabay»

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучье көлінің оңтүстік шығыс жағалауы 46а

Жолдама «Жазғы лагерь» жобасына қатысу, жатын орын, тамақтану және оқытумен қамтамасыз етеді. Лагерьге келіп кету жол қаражаты қатысушының есебінен төленеді.

ЕСКЕРТУ: «Отандастар Қоры» КЕАҚ-тың 2019, 2022, 2023 жылы ұйымдастырған "Жазғы Лагерь" жобасына қатысқан қатысушылар қатыса алмайды.

IQanat High School of Burabay мектебінің базасында өтетін лагерьдің артықшылықтары:

  • IQanat мектебі қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының тұжырымдамасына, яғни талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым құндылықтарына негізделеген;
  • Мектеп Бурабай ұлттық паркінің жүрегінде Щучье көлінің жағасында орналасқан;
  • Заманауи мектеп, кампус, спорт залдары мен тақырыптық бөлмелер;
  • Білім алуға және жан-жақты дамуға арналған қолайлы әрі қауіпсіз орта;
  • Лагерь бағдарламасы қазақтың ұлттық болмысы (қазақ тілі, ұлттық ойындар, салт-дәстүр, өнер) мен заманауи білімді ұштастырған.

IQanat High School of Burabay мектебі туралы толық ақпаратпен төмендегі сілтемелер арқылы таныса аласыз:

Ресми сайт: https://iqhsb.kz/

Instagram: @iqanathscb

- «Жас қазақ» жазғы лагері туралы видео сюжеттер: https://www.youtube.com/watch?v=PBXINZzZTjs

Сұрақтарыңыз болған жағдайда «Отандастар Қоры» КЕАҚ Шетелдегі отандастарды қолдау департаментінің консультанты Лашын Жанарбекке хабарласуыңызды сұраймыз.

Байланыс нөмірі: +7 747 178 3938 (Whatsapp, Telegram)

E-mail: lashyn.jbek@gmail.com

Қызығушылық танытқан үміткерлерді Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшілігіне немесе Қазақстан Республикасының Түрікменбасшы қаласындағы Консулдығына 2024 жылғы 30 сәуірге дейін өтініш етулеріңізді сұраймыз.