
12 сәуірде әлемде Космонавтика күні — Адамның ғарышқа алғашқы ұшуына арналған есте қаларлық күн атап өтіледі. Ол 1968 жылы Халықаралық авиация федерациясының конференциясында дүниежүзілік мәртебеге ие болды.
2011 жылдың 7 сәуірінде адамның ғарышқа ұшуының елу жылдығына орай БҰҰ Бас Ассамблеясы өзінің A/RES/65/271 қарарымен 12 сәуірді Халықаралық адамның ғарышқа ұшу күні деп жариялады.
Жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін космонавтика күні — Қазақстан үшін ерекше мереке. Қазақстандық жерден ғарышқа алғашқы ғарышкер Юрий Гагарин ұшты. Байқоңыр кеңестік, содан кейін ресейлік және шетелдік кемелер ғарыштық сапарға шыққан басты айлаққа айналды.
Қазақстандықтар да өздерінің ғарышкер батырларымен мақтана алады.
Қазақ ұлтының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы ұшып, ғарышта 7 күн 22 сағат 13 минут өткізді. Әубәкіров тек бірінші нөмірлі ғарышкер ғана емес, ол ғарышкерлерді тамақтандыру үшін ғалымдар алғаш рет арнайы әзірленген мұздатылған кептірілген - айран, ірімшік және қазақша ет қазақ ұлттық тағамдарының дәмін татқан экспериментке алғашқылардың бірі болып қатысты.
Талғат Мұсабаев үш рет ұшып, ғарышта 341 күн 9 сағат 48 минут 41 секунд өткізді. Талғат Мұсабаев Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген: оған дейін ешкім бір ұшу кезінде бір тәуліктен артық ашық ғарышта болған жоқ.
Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов ғарышқа ұшқан Қазақстан Республикасының тұңғыш азаматы. Айдын Айымбетов ғарыш кеңістігінде 2015 жылғы 2-12 қыркүйек аралығында "Союз ТМА-18М" ғарыш кемесінің бортинженері ретінде өткізді.