Ораза Айт мерекесі қүтты болсын!

Ораза Айт мерекесі қүтты болсын!

Баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл – күллі мұсылман қауымының ұлық мейрамы. Ораза ұстаған жамағат осы мерекені асыға күтеді. Алыс-жақын ағайын бір-бірінің үйіне барып, жылы лебізін білдіреді. Халқымыздың ынтымағы нығайып, бірлігі беки түседі.

Ислам – имандылықты, бейбітшілікті, мейірімділікті дәріптейтін асыл дін. Осы игі құндылықтар елдің амандығы мен берекесін тілейтін ұлтымыздың салт-дәстүрімен біте қайнасып жатыр. Сондықтан бұл – бір шаңырақта тату-тәтті өмір сүріп жатқан барша жұртымыз үшін қадірлі ұғымдар.

Еліміздің әр шаңырағы бақыт пен қуанышқа бөленсін!

Айт қабыл болсын, ағайын!