Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы мен Орталық Азия елдерінің қоршаған ортаны қорғау министрлері арасында жоғары деңгейдегі кездесу өтті

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы мен Орталық Азия елдерінің қоршаған ортаны қорғау министрлері арасында жоғары деңгейдегі кездесу өтті

2024 жылғы 4 наурызда Ашғабатта Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Бас хатшысы Хельга Мария Шмид пен Орталық Азия елдерінің қоршаған ортаны қорғау министрлерінің жоғары деңгейдегі кездесуі өтті.

Кездесуде климаттың өзгеруімен күресу және Орталық Азиядағы өңірлік қауіпсіздікті нығайту бойынша өңірлік ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нүркен Шарбиев бастап, Қазақстанда климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша қабылданып жатқан шаралар, Қазақстан Республикасының климаттық өзгерістерге қарсы күрес жөніндегі бастамалары туралы, жаһандық су дағдарысы және көміртегі бейтараптығына көшу егжей-тегжейлі баяндама жасады.

Сонымен қатар, ЕҚЫҰ Бас хатшысы Хельга Мария Шмид, Түрікменстанның Қоршаған ортаны қорғау министрі Чарыгелді Бабаниязов, Қырғыз Республикасының Табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрі Мелис Тұрғынбаев, Тәжікстан Республика Үкіметі жанындағы Қоршаған ортаны қорғау комитетінің төрағасы Баходур Шерализода, Өзбекстан Республикасының Экология және қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрі Азиз Абдухакимов баяндама жасады.

Айта кету керек, Орталық Азия елдерінің Дубайда өткен C0P-28 конференциясындағы әрбір мәлімдемесінде климаттық мәселелерді шешудегі аймақтық Орталық Азиялық тәсілдің артықшылықтары атап өтілді.

Шара Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылық үшін климаттың өзгеруінің салдарын талқылауға мүмкіндік береді.

ЕҚЫҰ қауіпсіздіктің кең ауқымды мәселелері бойынша саяси диалог алаңы және адамдар мен олардың қауымдастықтарының өмірін жақсарту үшін бірлескен іс-қимыл алаңы ретінде қызмет етеді.