
2020 жылғы 5 маусымда Қазақстанның Елшісі Е. Сәпиев Түрікменстанның Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған Түрікменстанның инфекциялық ауруға әзірлігін және дайындықты қамтамасыз ету жоспарын іске асыру мәселелері бойынша брифингке қатысты.
Іс-шараға: Түрікменстанның министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Р.Мередов, Денсаулық сақтау және медициналық өнеркәсіп министрі Н.Аманнепесов, Түрікменстанда тіркелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің басшылары, Түркменстанның түрлі ведомстволарының өкілдері, сондай-ақ БАҚ қатысты.