Қазақстанның Елшісі Е. Сәпиев стратегиялық зерттеулер институттарымен және Орталық Азия елдерінің басқа да мемлекеттік мекемелерімен онлайн-консультацияларға қатысты.

Қазақстанның Елшісі Е. Сәпиев  стратегиялық зерттеулер институттарымен және Орталық Азия елдерінің басқа да мемлекеттік мекемелерімен онлайн-консультацияларға қатысты.

2020 жылғы 4 маусымда Қазақстанның Елшісі Е. Сәпиев БҰҰ-ның Орталық Азия елдері үшін превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталығы ұйымдастырған пандемияның экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың алдын алуға әсерін талқылау үшін стратегиялық зерттеулер институттарымен және Орталық Азия елдерінің басқа да мемлекеттік мекемелерімен онлайн-консультацияларға қатысты.

Іс-шараға БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, контртеррористік басқарамасының басшысы Владимир Воронков, БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енча, Орталық Азия бойынша БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі, БҰҰ превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталығының басшысы Наталья Герман, Орталық Азия елдерінің стратегиялық зерттеулер институттары мен орталықтарының басшылары, Түрікменстанда тіркелген Орталық Азия елдерінің және Ауғанстан дипломатиялық миссияларының басшылары, Түркменстанның түрлі ведомстволарының өкілдері, сондай-ақ БАҚ қатысты.