Қазақстанның Елшісі Е. Сәпиев түрікмен кілемінің ұлттық мерекесіне арналған халықаралық көрме-жәрмеңкесін тамашалады.

Қазақстанның Елшісі Е. Сәпиев түрікмен кілемінің ұлттық мерекесіне арналған халықаралық көрме-жәрмеңкесін тамашалады.

2020 жылдың 31 мамырында Қазақстанның Елшісі Е. Сәпиев түрікмен кілемінің ұлттық мерекесіне арналған халықаралық көрме-жәрмеңкесін тамашалады.

Іс-шараны тоқыма өнеркәсібі министрлігі, Сауда және сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі, өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы, сондай-ақ Түрікменстанның сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырды.

Көрме алаңында кілем тоқу және тоқыма өндірісінің үлгілері ұсынылды. Өз өнімдерін мақтаны қайта өңдеу, тоқыма, тігін фабрикалары, аяқ киім және былғарыдан жасалған бұйымдар шығаратын кәсіпорындар ұсынды.

Көрме барысында Е. Сәпиев Түрікменстанның министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары Ч. Гылыджовпен екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейту мәселелерін талқылады.

Іс-шараның салтанатты ашылу рәсіміне Үкімет мүшелері, Меджлис, министрліктер мен ведомстволардың басшылары, мәдениет қайраткерлері мен өнер шеберлері, студент жастары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.