
2020 жылғы 28 мамырда Қазақстанның Елшісі Е.Сәпиевтің Түрікменстан Ғылым академиясының Президенті С.Тойлыевпен бейне байланыс арқылы кездесуі өтті. Іс-шара барысында ғылым саласындағы Қазақстан-Түрікмен ынтымақтастығының түрлі аспектілері қарастырылды.
Тараптар екі елдің ғылыми қызмет саласында өзара іс-қимылын одан әрі дамыту перспективаларын, сондай-ақ ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына және көрнекті философ Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған іс-шараларды ұйымдастыруды талқылады.