
Отанымыздың тарихи жылнамасындағы айрықша маңызды оқиға – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Тәуелсіз тарихымыздың алтын парағына айналар өткен уақытта ел өмірі маңызды оқиғаларға толы болды.
1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды.
1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заңды қабылдап, өзінің тәуелсіз екендігін жариялаған болатын. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге еліміздің тәуелсіздігін нығайта түсті.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Бұл күнді қазақ халқының әрбір азаматы жүрегімен сезінеді.
Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетіп келеді.
Қазақстан халқы барша әлемге өзінің тұтастығы мен бірлігін айқын дәлелдеп, ертеңгі кемел келешегіне сеніммен қадам басқан даналығын паш етті.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында айтулы табыстарға қол жетіп, мәдени және рухани өрлеу кезеңіне батыл қадам басты.
Мемлекетіміздің Тәуелсіздігі баянды, іргесі берік, болашағы нұрлы бола берсін!
Баршаңызға зор денсаулық, амандық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!