
2020 жылғы 28 мамырда Қазақстанның Елшісі Е. Сәпиев бейнеконференция форматында өткен халықаралық семинарға қатысты.
Іс-шараға Түрікменстанның Сыртқы істер министрі, Түрікменстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі, Түрікменстанның Қаржы және экономика министрі және басқа да ведомстволарының өкілдері, БҰҰ агенттіктерінің басшылары, БАҚ өкілдері, сондай-ақ Орталық Азия және АҚШ елдерінің үкімет өкілдері онлайн форматта қатысты.
Талқылау нәтижелері бойынша, халықаралық семинарға қатысушылар қорытынды мәлімдеме қабылдады.