
2020 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Сәпиев Түрікменстанның Конституциясы мен Мемлекеттік Туы күніне арналған конференцияға қатысты.
Түрікменстан Сыртқы істер министрлігі мен Парламент Меджлисі ұйымдастырған іс-шараға Үкімет мүшелері, ұлттық парламент депутаттары, партия және қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен саясаттанушылар, сондай-ақ түрлі министрліктер мен ведомстволардың басшылары, отандық және шетелдік БАҚ, студент жастар қатысты.