Ашғабат қаласында «Бақыт дәуірінің театр өнері» IV Халықаралық театр фестивалі өтті

Ашғабат қаласында «Бақыт дәуірінің театр өнері» IV Халықаралық театр фестивалі өтті

Жетісу облыстық Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры 14-16 қараша аралығында Түркіменстанның Мәдениет министрлігі және ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының бірлесіп ұйымдастыруымен Ашхабад қаласында өткен «Бақыт дәуірінің театр өнері» театр фестиваліне қатысады.

Талдықорғанды драмтеатры қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтың «Қорғансыздың күні» шығармасының желісімен сахналанған қойылымды ұсынды.

Қорғансыздың күні шығармасы Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының репертуарындағы шоқтығы биік қойылымдардың бірі. Спектакльде автор байырғы қазақ ауылындағы кедейлер өмірінің бір көрінісін тамыр-тереңінен қопарып әкеліп, бейшара, қорғансыз жандардың тұрмыс-тіршілігіндегі жан түршігерлік азап пен ауыртпалықты аса шыншылдықпен әсерлі баяндайды.

Сапармұрат Түрікменбашы атындағы Бас академиялық драма театры «Бақыт дәуірінің театр өнері» IV Халықаралық фестивалінің қорытынды күні қатысушыларды драматург Говшутгелді Данатаровтың «Мақтымқұлы – бақыт құсы» спектакліне шақырды.

«Фестивальдің бес шетелдік қойылымын зор ықыласпен тамашаладым, маған бәрінен де қазақтың «Қорғансыз күні» қойылымы ұнады, бұл қойылымдағы жан азабы әлі күнге дейін жүрегімнен кетпейді», - дейді Говшутгелді Данатаров.

Халықаралық фестивальге Әзербайжан, Татарстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Түркия театр ұжымдары қатысты.