
Түрікменабад, 2023 жылғы 23 қараша – Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Тәжібаев Лебап велаятына жұмыс сапарымен барды.
Лебап облысының әкімі Шохрат Амангелдыевпен кездесуде Лебап велаяты мен Қазақстан өңірлері арасындағы сауда-экономикалық, тарихи-мәдени және туристік байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды. Велаят басшысы облыстың бүгінгі экономикалық әлеуеті, өндірістік және ауылшаруашылық кәсіпорындарының қызметі туралы хабардар етті.
Көлік, ауыл шаруашылығы, білім беру салаларындағы ынтымақтастықтың, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимылдың перспективалы бағыттарына назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Лебап велаяты мен Қазақстан облыстары арасында бауырлас қала қатынастарын орнату мүмкіндігін қарастырды.