
2023 жылғы 22 қарашада Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Тәжібаев Мары велаятына жұмыс сапарымен барды.
Мары облысының әкімі Бегенчмырат Оразовпен кездесуде Мары велаяты мен Қазақстан өңірлері арасындағы сауда-экономикалық, тарихи-мәдени және туристік байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды. Велаят басшысы облыстың қазіргі экономикалық әлеуеті, тоқыма және химия өнеркәсібіндегі өңдеуші кәсіпорындардың қызметі, сондай-ақ Мары қаласында өткен Орталық Азия және Қытай елдері жастарының «Ұлы Жібек Жолының жаңа дәуірі» форумы туралы хабардар етті.
Ауыл шаруашылығы, жеңіл және отын өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарына, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимылға назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Мары велаяты мен Қазақстан аймақтары арасында туысқандық қарым-қатынас орнату мүмкіндігін қарастырды.