
2023 жылғы 29 қазан Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды
Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшілігі Қарағанды облысындағы шахтада орын алған өрт салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдады.
Қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айта отырып, бұл орны толмас ауыр қайғыларына ортақтаспыз. Зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуін тілейміз.
2023 жылғы 29 қазан Қарағанды облысындағы кеншілердің қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Осыған байланысты, 2023 жылғы 29 қазанда сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін және 15:00-ден 17:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Елшілігінде Көңіл айту кітабы ашылады. Көңіл айту Елшіліктің ashgabat@mfa.kz электрондық поштасы арқылы да қабылданады.