
Республика күні құтты болсын!
Құрметті қазақстандықтар! Құрметті отандастар!
Мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының күнімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыз!
Бүгін, 25 қазан Қазақстан еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күні.
Бұл – қазақ мемлекеттілігінің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрінің жаңғыру күні. Бұл азаттық үшін күрескен ата-бабаларымыздың арманы орындалған күн.
Биыл Қазақстан Республикасына 32 жыл толып отыр, бірақ Тәуелсіздікке алғашқы қадамдар одан да ертерек, 1990 жылы жасалды.
Қазақстан үшін бұл күнді тарихи деп атауға болады. 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 360 депутаты кеңейтілген мәжілісте маңызды құжатты – Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясын қабылдады. Бұл құжат Тәуелсіздігіміздің саяси-құқықтық негізін құрады.
Декларация бірінші бабынан бастап Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Одақ құрамындағы егеменді мемлекет екенін бекітеді. Осыған сүйене отырып, құжаттың бүкіл идеясы құрылды.
Декларацияда мемлекеттіліктің тұтастық, аумақтың бөлінбейтіндігі және мызғымастығы, халықтар мен олардың тілдерінің мәдениетін дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты қағидаттар алғаш рет бекітілді.
Сондай-ақ құжатта саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді дербес шешу қағидаты жарияланды. Қазақ КСР-і өзінің ішкі әскерлерін, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарын құру құқығын алды. Президент елдің көшбасшысы, әкімшілік және атқарушы жоғарғы биліктің басшысы болып танылды.
1995 жылы қабылданған Декларацияға орай 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні болып жарияланды.
Алайда 2009 жылы оған деген көзқарас өзгерді: мемлекеттік егемендікті жариялау аралық кезең ретінде қарастырыла бастады, одан кейін маңыздырақ оқиға – Қазақстанның Тәуелсіздігінің жариялануы болды. 2009 жылдың сәуірінде Республика күнін тойлау алынып тасталды, ал 2022 жылға дейін Тәуелсіздік күні 16 желтоқсанда тойланды.
Кейбір сарапшылар Декларация Қазақстанның емес, Қазақ КСР-нің егемендігін жариялады деп есептеді. Онда адамдар КСРО азаматтығын сақтай алатыны баса айтылды. Ол сондай-ақ халықаралық қатынастарда Қазақстанның тәуелсіздігіне кепілдік бермеді. Ел КСРО-ның құрамында болды, бірақ одан шығуға құқығы болды.
Декларацияда көрсетілген қағидаттарды негізге ала отырып, арада бір жылдай уақыт өткен соң, 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды. Осы Заң қабылданғаннан кейін ғана Қазақстан әлемдік қоғамдастығымен танылған тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болды.
Әрине, Мемлекеттік егемендік туралы Декларациясы да, «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Заң да еліміздің одан әрі конституциялық дамуының берік негізін қалады.
Республика күні мерекесін қайта атап өтуді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы маусымда өткен Қазақтардың Ұлттық Құрылтайының бірінші отырысында ұсынды.
Бүгін біз Қазақстанның саяси және экономикалық салаларындағы жетістіктерін, халықаралық аренадағы табыстарын мақтан тұтамыз.
Осы мерекелі күні Сіздерге және Сіздердің жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт, бейбітшілік пен келісім, еңбекте табыс, жаңа жетістіктер, тұрақтылық пен бірлік тілейміз!
Отанымыз – Қазақстан Республикасы гүлдене берсін!