
Қазақстан Президентінің атына Республика күніне орай келіп түскен құттықтау жеделхаттары
Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ұлттық мереке – Республика күніне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары келіп жатыр.
Атап айтқанда, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов пен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Мемлекет басшысын Республика күнімен құттықтап, елімізге табыс пен бақ-береке тіледі, сондай-ақ тату көршілік, өзара құрмет пен сенім қағидаттарына негізделген екіжақты қарым-қатынасқа ерекше назар аударды.
Құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.