Бішкекте ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті

Бішкекте ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті

Бішкекте ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті

 

Бішкек, 2023 жылғы 12 қазан – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты.

Іс-шара барысында тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, мүше мемлекеттердің ТМД шеңберіндегі өзара іс-қимылдың жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

Кеңес қорытындысы бойынша сыртқы істер министрлері ү.ж. 13 қазанда Бішкекте өтуге жоспарланған ТМД Саммиті барысында мемлекеттер басшыларының қарауына ұсынылатын құжаттардың жобаларын келістірді.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/635305?lang=kk