Түрікменстанда Қазақстанның білім күндері өтті

Түрікменстанда Қазақстанның білім күндері өтті

Түрікменстанда Қазақстанның білім күндері өтті

 

Түрікменстанның Білім министрлігінің шақыруымен және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, сондай-ақ Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің қолдауымен Халықаралық бағдарламалар орталығы 10-12 қазан аралығында «Қуатты мемлекеттің Қайта өрлеу дәуіріндегі денсаулық сақтау, білім беру және спорт» халықаралық көрмесі шеңберінде Қазақстанның білім күндерін өткізді.

Іс-шараға Назарбаев Университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті және Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты сияқты қазақстандық жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Іс-шараға 300-ге жуық адам, оның ішінде дипломатиялық миссиялардың басшылары, Министрлер Кабинетінің өкілдері және басқа да ұйымдардың басшылары келді.