Президент Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІ отырысына қатысушыларға үндеу жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІ отырысының ашылуымен құттықтады.

Президент Хатшылықтың бүгінгі отырысы мазмұнды әрі табысты өтетініне сенім білдірді.  

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан дінаралық және өркениетаралық ынтымақтастыққа негіз болатын бастамаларға әрдайым қолдау көрсететінін, оны сыртқы саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде ұстанатынын атап өтті.

Президент жиын қатысушыларына алғыс айтып, олардың ізгілік жолындағы істеріне толайым табыс тіледі.

https://www.akorda.kz/kz/prezident-alemdik-zhane-dasturli-dinder-koshbasshylary-sezi-hatshylygynyn-hhi-otyrysyna-katysushylarga-undeu-zholdady-1193649