Аркадаг қаласында халықаралық жастар форумы өтті

Аркадаг қаласында халықаралық жастар форумы өтті

Аркадаг қаласында халықаралық жастар форумы өтті

 

2023 жылдың 2 қазанында Аркадаг қаласында Аба Аннаев атындағы Халықаралық жылқы шаруашылығы академиясында БҰҰ-ның Түрікменстандағы Тұрақты үйлестірушісі кеңсесінің және БҰҰ Орталық Азия үшін превентивтік дипломатия жөніндегі аймақтық орталығының белсенді қатысуымен Түрікменстан Үкіметі ұйымдастырған «Диалог – бейбітшілік кепілі» атты халықаралық жастар форумы өтті.

Гибридтік форматта өткен іс-шараға Орталық Азия елдерінен және БҰҰ Бас Ассамблеясының 2023 жылды бейбітшілік кепілдігі ретінде халықаралық диалог жылы деп жариялау туралы резолюциясын қолдаушы мемлекеттерден жас көшбасшылар, белсенділер, студенттер, кәсіпкерлер мен инноваторлар қатысты.

Қазақстандық тарапынан Форумға бетпе-бет форматында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті Жастар саясатын үйлестіру басқармасының бас сарапшысы Алмагүл Қуанғалиева, «Ұлан ғайыр – Дала елі» Қоғамдық бірлестігінің директоры Уәлихан Бахретдинов және Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшілігінің кеңесшісі Ержан Мүсірәлиев қатысты.

Бұл өкілді форумның мақсаты – дипломатиялық құралдарды қолдану арқылы дүние жүзіндегі адамдар арасындағы қақтығыстарды шешудің және келіспеушіліктерді жоюдың ең маңызды құралы ретінде бейбіт диалогты ілгерілету.

Сондай-ақ форумда бейбітшілікті нығайтуда жаңа технологияларды пайдалану, климаттың өзгеруі мен бейбітшіліктің өзара байланысы, цифрлық дипломатия мәселелері сияқты заманның өзекті мәселелері талқыланды. Жастардың бейбітшілік пен қоғамдық келісім саласындағы бастамалары жөнінде де пікір алмасу өтті.

Мәдениет пен өнер арқылы бейбітшілікті нығайту міндеттеріне ерекше тоқталды.

«Диалог – бейбітшілік кепілі» халықаралық жастар форумына қатысушылар іс-шара барысында айтылған маңызды ұсыныстар мен пікірлер бойынша диалогты жалғастыру қажеттігі туралы ортақ пікір білдірді.

Тараптар жастарға мәдениетаралық диалог, өзара түсіністік пен ынтымақтастық негізінде бейбітшілік пен сенімді нығайту үшін қажетті институционалдық алаңмен қамтамасыз ету мақсатында түркімен тарапының бейбітшілік кепілі ретінде халықаралық диалог форумдарын тұрақты негізде өткізу туралы ұсынысымен келісті.

Іс-шараның нәтижесінде Орталық Азия елдерінің жастар диалогын құру туралы Меморандумға қол қойылып, «Диалог – бейбітшілік кепілі» халықаралық жастар форумына қатысушылардың Үндеуі қабылданды.

Сондай-ақ Форум аясында оған қатысушылар сәндік-қолданбалы өнер көрмесімен танысты.