Президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Германия экономикасы Шығыс комитетінің мүшелерімен кездесуіне қатысты

Президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Германия экономикасы Шығыс комитетінің мүшелерімен кездесуіне қатысты

Президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Германия экономикасы Шығыс комитетінің мүшелерімен кездесуіне қатысты

     

Мемлекет басшысы орталықазиялық әріптестерімен бірге Германия экономикасы Шығыс комитетінің (ГЭШК) дөңгелек үстеліне қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері мен Германияның экономикалық ынтымақтастығының негізгі мәселелеріне тоқталды.

Мемлекет басшысы Германиямен арадағы аймақтық сауда-экономикалық байланыстарда Қазақстанның маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, өзара қарым-қатынасты нығайту және оны жаңа деңгейге шығару жөнінде бірқатар ұсыныс айтты.

Мемлекет басшысы кездесу қатысушыларына жуырда германиялық HMS Bergbau компаниясының басшылығымен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және алдағы уақытта литий өңдеу кешенін салу туралы уағдаластыққа қол жеткізілгені жөнінде мәлімет берді. Инвестиция көлемі – 500 миллион доллар.

Мемлекет басшысының пікірінше, көмірсутегі шикізатын жеткізу, жаһандық азық-түлік  қауіпсіздігін күшейту, көлік-транзит және қаржы салаларындағы кооперация өзара қарым-қатынастың басқа да басым бағыттарының қатарына кіреді.

Президент кездесуге қатысушылардың назарын орнықты даму және жасыл экономика салаларында бірлесе жұмыс істеудің маңыздылығына аударды.

Президент сөзінің соңында аталған кездесудің қорытындысы Орталық Азия елдері мен Германия арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтетіне сенім білдірді

Жиында аймақ мемлекеттері басшыларымен қатар, Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзер, сондай-ақ Linde, Knauf, Aurubis, German Seed Alliance GmbH, Ernst Klett AG және басқа да неміс компанияларының топ-менеджерлері баяндама жасады.

 

https://akorda.kz/kz/prezident-ortalyk-aziya-memleketteri-basshylarynyn-germaniya-ekonomikasy-shygys-komitetinin-mushelerimen-kezdesuine-katysty-2984935