
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуіне қатысты
Мемлекет басшысы өз сөзінде саммиттің, шын мәнінде, маңызды жиын болатынына, Орталық Азия мемлекеттері арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың даму қарқынын айқындайтынына сенім білдірді.
Сонымен қатар жиында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев сөз сөйледі. Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев құрметті қонақ ретінде шақырылды.
Саммит қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды: