
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу шеңберінде 2020 жылғы 29 сәуірде Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшілігі Ашғабат қаласында және Ахал уәлаятында тұратын қазақ диаспорасы өкілдерінің балалары арасында Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастырды.
Іс-шараның ашылу рәсімінде Елші Е.Сәпиев қазақ ұлы ақыны, философы мен ағартушының шығармашылық мұрасы – Қазақ халқының ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани байлығын атап өтті.
Сайыстың жеңімпаздары дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Абайдың мерейтойы жылының символикасы бар сыйлықтар барлық сайыс қатысушыларына және қазақ диаспорасы арасынан қазылар алқасының мүшелеріне табыс етілді.
Диаспора өкілдері Елшілікке өткізілген сайысты ұйымдастырғаны үшін ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта осындай іс-шараларына белсенді қатысатынын айтты.