Қазақстан Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтуде

Қазақстан Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтуде

4 маусымда біз еліміздің егемендігі мен халқымыздың бірлігін паш ететін мейрам – Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері күнін атап өтеміз. Бұл мереке Тәуелсіздігіміздің қалыптасуын, елге деген патриотизмді, мемлекеттің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықты еске салады.

Елтаңба, ту және әнұран – ұлттық мақтанышымыздың нышандары. Олар еліміздің әл-ауқатын, заманға сай жаңарып, жоғары мақсаттарға деген ұмтылысы мен Қазақстанның тұрақты даму кезеңін көрсетеді.

Елтаңбамыз бай тарихымыз бен мәдениетімізді, Көк байрағымыз еліміздің сұлулығы мен алуан түрлілігін әрқашан жадымызда жаңғыртып, Әнұранымыз ұлттық абырой-беделіміз бен рухани бірлігіміздің рәмізі ретінде әрқашан шарықтай шырқала берсін!