Парламент Мәжілісі Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы заңды қабылдады

Парламент Мәжілісі Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы заңды қабылдады

2023 жылғы 5 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңды қабылдады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов атап өткендей, келісімнің негізгі мақсаты – Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы мемлекеттік шекарадағы қатынастардың құқықтық негіздерін белгілеу және реттеу.

«Белгіленетін режим адамдардың, көлік құралдарының мемлекеттік шекараны кесіп өту және өткізу және ол арқылы жүктерді және өзге де мүлікті өткізу тәртібін қамтиды. Бұдан басқа, ол шаруашылық, кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті жүргізуге, сондай-ақ шекарада қоғамдық - саяси, мәдени және өзге де іс-шараларды өткізуге қатысты болады», - деп толықтырды Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Константин Авершин.