
2023 жылғы 18 ақпанда Түрікменстан Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық қатынастар институтында елдің Дипломатиялық қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті.
Мереке Ашғабатта тіркелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың көрмесімен танысудан басталды. Қазақстан Елшілігінің павильоны қазақтың ұлттық нақышында киіз үй әшекейлерінің элементтерімен, Қазақстанның табиғаты мен сәулетінің суреттерімен, Қазақстан туралы кітаптар мен буклеттермен безендірілген.
Одан кейін «Диалог – бейбітшілік кепілі» халықаралық конференциясы өтті, оған Түрікменстанда жұмыс істейтін дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің басшылары мен өкілдері, Түрікменстан Сыртқы істер министрлігі ХҚИ-нің оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ елдің қоғамдық ұйымдары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Конференцияны ашқан Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередов Түрікменстан Президенті Сердар Бердымухамедовтің ғылыми конференция қатысушыларына жолдаған құттықтауын оқып берді.