Қазақстанның Елшісі Е.Сәпиевтің Мары уәлаятына жұмыс сапары өтті

Қазақстанның Елшісі Е.Сәпиевтің Мары уәлаятына жұмыс сапары өтті

2020 жылдың 5-6 наурыз аралығында Қазақстанның Елшісі Е.Сәпиевтің Мары уәлаятына жұмыс сапары өтті.

Е.Сәпиев сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және өңіраралық өзара іс-қимыл мәселелерін талқылау, соның ішінде екі елдің өңірлері арасындағы бауырластық байланыстар туралы келісім жасасу үшін Мары уәлаятының әкімі Д.Аннабердиевпен кездесті.

Сондай-ақ, Елші қазақ диаспорасының өкілдерімен жүздесті. Елші қандастарды елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, сыртқы саяси бастамалар мен тәуелсіздік жылдары қол жеткізілген табыстар туралы, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеуге байланысты мерейтойлық мемлекеттік іс-шаралар туралы хабардар етті.

Сапар барысында, Елші Түрікменстанның ірі тоқыма фабрикасының және көкөніс өсіру бойынша жылыжай кешендерінің жұмысымен танысты.